Түркістан облысында заңсыз жекешеленген 330 мың гектар жер қайтарылды
Түркістан облысында заңсыз жекешеленген және мақсатсыз пайдаланылған 330 мың гектар жер халыққа қайтарылды. Оның басым бөлігі - жайылым. Әлі 600 мың гектардай жайылым жер керек. Халқы көп, бірақ жері тапшы өңірде бос жатқан бір сүйем жер жоқ. Ебін тапқандар түгел жекешелендіріп алған. Сондықтан, аймақта игерусіз қалған алқаптарды қайтару қарқынды жүріп жатыр. Прокурорлар былтыр жерді заңсыз берген 174 ауыл әкімін әкімшілік жауапкершілікке тартып, олардан 5 млн теңге айыппұл өндірген.
Мұрат Тілеубердиев, прокурор:
200 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлердің бәрі мемлекет пайдасына қайтарылды. Заңсыз иемденген жерлерді мемлекетке қайтару мәселесі бойынша талап-арыз жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде 161 волонтерлер ұйымы жұмыс істейді
25.09.2026, 15:10
Өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған бопсалаушылар ұсталды
25.09.2026, 15:09
Биыл мемлекетке 1 млн гектардан астам жер қайтарылды
25.09.2026, 15:09
Оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер
25.09.2026, 15:08
Түркияның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан халқына көңіл айтты
25.09.2026, 15:08
Бельгиялықтар қайғыға ортақтасып, көңіл айтуда
25.09.2026, 15:06
«Жауынгерлер Отан алдындағы әскери борышын адал атқарды»
25.09.2026, 15:06
Қаза тапқан сарбаздардың отбасына қажетті көмек көрсетіліп жатыр
25.09.2026, 15:05