Елімізде жоспарлы сейсмикалық оқу-жаттығу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жоспарлы сейсмикалық оқу-жаттығу өтті

23.02.2024

Бүгін еліміздің барлық аймағында жоспарлы сейсмикалық оқу-жаттығу өтті. Сағат таңғы 10:-00-де дабыл соғылды.

Құлақтандыру жүйесі іске қосылған сәттен алматылықтар ғимарат сыртына шықты. Жоғары оқу орындарының бірінде бірінші кезекте эвакуациялау тетіктері пысықталды. Студенттер мен оқытушылар ереже бойынша әрекет етті. Барлығына мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Төтенше жағдайлар департаменті жаттығудың негізгі мақсаты – жер сілкінісі қаупі мен зілзала кезіндегі халықтың дайындық деңгейін арттыру, - дейді. Қазір қалада 384 уақытша паналау орны бар. Оның барлығы 2 ГИС қосымшасында көрсетілген.

Нұрлан Атығаев, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:

Көбінесе мектептер 200-ден астам. Сосын стадиондарымыз бар. Кішігірім ауруханаларымыз бар. Біріншіден жер сілкінісі болса, қарапайым 10 ережені білу керек. Неге десеңіздер оны білген адам өзінің өмірін сақтау мүмкіндігі өте үлкен.

Осы оқу-жаттығу жүріп жатқанда Алматыда магнитудасы 2 баллдық жер сілкнісі сезілді. Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде Қытай аумағында болған.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу