Басты Жаңалықтар Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жастарға мерзімі өткен азық-түлік беріп келген

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жастарға мерзімі өткен азық-түлік беріп келген

Тағы бір жаға ұстатарлық жайт Түркістан облысында тіркелді. Мұнда мүмкіндігі шектеулі студенттерге мерзімі өткен азық-түліктер беріліп келген.

Мұндай заңбұзушылықтарды Түркістан облысының прокурорлары 80 жас оқитын Кентау қаласындағы арнаулы кәсіптік колледжінде анықтады. Еліміздегі жалғыз саналатын мамандандырылған оңалту мекемесінде бұдан бөлек сапасыз білім беріліп келгендігі, оқытушылар құрамының біліктілік талаптарына сәй келмейтіндігі белгілі болған. Сондай-ақ, тексеру барысында ғимаратта санитарлық және өртке қарсы нормалардың сақталмағаны анықталған. Оқу орнында медицина қызметкерлері мерзімі өткен препараттарды қолданған. Медициналық қарсы көрсетілімдері мен шектеулері бар талапкерлерді оқуға заңсыз қабылдау фактілері тіркелген. Соған қарамастан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары тиісті шаралар қабылдамаған дейді прокуратура қызметкерлері.

Болат Жұмағалиев, Түркістан облыстық прокуратурасының басқарма бастығы:

Тексеру нәтижесімен заңдылықтарды жою және балалардың құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы бес ден қою актісі облыс әкімдігіне және құзыретті органдарға енгізілді. Қазіргі таңда лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралуда.

Айнұр Әбілқасымқызы
Бөлісу