Елімізде аяқ киімді таңбалау мерзімі ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде аяқ киімді таңбалау мерзімі ұзартылды

22.02.2024

Елімізде аяқ киімді таңбалау мерзімі тағы да ұзартылды. Енді бәтеңке сатумен айналысатын кәсіпкерлер қалған тауарларын 1-ші маусымға дейін таңбалап үлгерулері қажет. Бір аяқ киімнің цифрлы құжаты қанша теңге тұрады? Әйгерім Ердәулет айтсын.

Елімізде аяқ киімді маркалау кәсіпкерлердің өтінішінен кейін бірнеше рет кейінге шегерілгені белгілі. Енді 2021 жылы енгізілген ережеге сәйкес, саударгерлер де импорттаушылар да, өндірушілер де маусым айынан бастап жұмыс істеуге міндеттілмек. Егер сатушы ол уақытқа дейін маркаланбаған өнімді сатып үлгермесе, «маркировка исмет» сайтына тіркеліп, сонда тауардың тізімін түгел көрсетуі қажет. Ал аяқ киімнің цифрлы құжатын жаңадан алу үшін осы сайттағы бейне нұсқаулықты толық көріп шығуға тура келеді. Яғни, әб-сәтте QR-кодты шығарып ала алмайсыз деген сөз. Атамекен кәсіпкерлер палатасы әрбір аяқ киімге цифрлы құжат жасау қып-қызыл шығын екенін айтады.

Жанар Ибрагимова, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

Цирфлы дамыту орталығының дерегінше, аяқ киім құнына 0,1 мен 2,5 пайызға дейін қосымша шығынға әкеліп соғады. Сондықтан отандық аяқ киім өндірісін дамытуға бұл кедергі болып тұр. Аяқ киімді таңбалауға кәсіпкерді мәжбүрлеудің өзі нарықтың екіге бөлінуіне әкеп соғады.

Талапқа сәйкес өндірушілер аяқ киімнің цифрлы құжатын фабрикада, ал импорттаушылар кеденнен өткеннен кейін көтерме бағамен сатпай тұрып, қоймада жасауы шарт екен. Содан кейін базар мен дүкендердегі саудагерлерге ұсынуға болады. Аяқ киім таңбалау жобасының жетекшісі бір бәтеңкені маркалаудың ақысы 3 теңгеден аспайды деп отыр.

Ерлан Қарабаев, аяқ киімді таңбалау жобасының жетекшісі:

Таңбалау кодының ішінде тауар коды болады, сәйкестендіретін коды болады, тексеру крипто код бар соның ішінде болады. Таңбалаудың бір коды қосылған құн салығынсыз 2 теңге 68 тиын құрайды. Ол бізде мемлекеттік органдар арқылы бұйрығымен бекітіледі. Аяқкиімнің құны көлеңкеден шығу, салықтар мен бюджетке төлемдерін төлеу арқылы өсуі мүмкін.

Аяқ киімді маркалау әу баста нарықтағы 48 пайыз заңсыз айналымды азайту үшін жасалған. Сондай-ақ, тұтынушылардың құқығы сақталып, өнімнің сапасын бақылауға бағытталған болатын. Қазір Қазақстанға маркаланған аяқ киімді Өзбекстан, Түркияның ірі аяқ киім фабрикасы ұсынып отыр.


Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу