Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басшысын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басшысын қабылдады

22.02.2024

Мемлекет басшысына «Бәйтерек» холдингінің стратегиялық бағыттары туралы есеп берілді. Ұлттық холдинг басшысы Рустам Қарағойшин компанияның кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жоспары туралы баяндады. 

«Бәйтеректің» бизнесті қолдау ісіне қосқан жалпы үлесі шамамен 2,5 триллион теңгені құрайды. Компания экономиканың орнықты әрі сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, көлік және логистика, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы сияқты перспективті салаларға басымдық беріп, оларды кешенді түрде қаржыландыруға күш салуға ниетті. 

Мемлекет басшысы аталған бағыттардағы жұмысты жандандыру маңызды екенін атап өтіп, жүктелген міндеттердің жоспарлы орындалуы еліміздің экономикасын нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға айтарлықтай мүмкіндік беретінін айтты.


Хабарламаларға жазылу