Онкологиялық скрининг жүйесіне өзгерістер енгізіле ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Онкологиялық скрининг жүйесіне өзгерістер енгізіле ме?

22.02.2024

Елімізде медициналық сақтандырылмаған азаматтардың қатерлі ісікпен науқастанатын алдын-ала анықтау мүмкін емес. Өйткені онкологиялық скринингтен тек ай сайын жарнасын төлеп отырған тұрғындар ғана тегін өте алады. Сақтандыру жүйесінің бұл талабына тұрғындар наразы. Тіпті, онколог мамандар да диагностиканың бұл түрі ақысыз болу керек деп есептейді. 

Айта кетейік, қазір шамамен 3 миллионнан астам адамның медициналық сақтандыруы жоқ.

Елімізде жыл сайын 40 мыңға жуық адамнан қатерлі ісік анықталса, 12 мың науқастың ажалы осы кеселден келеді. Дәрігерлер көбі ауруы асқанғанда диагнозын біліп жататынын айтады. Алдын-ала анықтау үшін скрингтік жүйе ойластырылса да, денсаулығын қаратуға асықпайтындар көп. Ал МӘМС жүйесінде жоқтар тіпті ескерусіз қалады.

Елімізде соңғы жылдары онкологиялық ауруға шалдығу көрсеткіші 20 пайызға артқан. Қатерлі ісіктің 30 пайызын скрининг арқылы анықтаймыз, деп отыр дәрігерлер. Онкологтар обыр ауруы жасарып бара жатқанын айтып, уақытында тексеруге келмеген азаматтарға шара қолдану керек,- деп есептейді.

Мұратжан Сақтағанов, онколог-маммолог:

Біріншіден, жылдың басында топ жиналады қай әйелдер зерттеледі, сол әйелдерге шақыру жібереді. Ол әйелдерге мейірбекелер жібереді. Азаматтың өзі денсаулығын қарағысы келмейді. Екіншіден, мейірбекелер шақырып,тексеріп, өзгеріс болса ары қарай зерттейміз. Кімде өзгеріс жоқ, «Дамумед»-тен көруге болады. Шетелде сақтандырудың ақшасы төленбесе, айыппұл салынады, сақтандыру өтпесе медкөмек шектеледі.

Ал Денсаулық сақтау министрі скрининг арқылы ауру патологиясын анықтау үлесі төмен,- деп отыр. Сондықтан қатерлі дерттің медициналық тексерісіне қатысты өзгертуді қарастырып жатырмыз,- дейді. 

Сондай-ақ, министрлік, жыл сайын жатыр мойны обырынан 500 әйелдің көз жұмып жатқанын екпе арқылы тоқтатуға кіріспек.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Президент тапсырмасына сәйкес, мед қызметтердің пакеттерін бір-бірімен араласпайтындай қылып тиісті ұсыныстарды дайындап жатырмыз. Соның ішінде онкологиялық ауруларға байланысты ДСМ ұстанымы бойынша бұл қызмет қолжетімді болуы керек. 126 мемлекетте осы ЖМО байланысты вакцина енгізілген, 90 пайызға дейін өлім көрсеткішін азайтқан. Қазір енді халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын жүргіземіз. Алдын алу жұмыстарын жүргіземіз.

Айта кетейік, МӘМС арқылы тегін онкоскринингтің әзірге 3 түрі бар. Мәселен, 40 пен 70 жас аралығындағы әйел кісілер сүт безі обырына екі жылда бір рет тексеріліп тұруы керек. Ал жатыр мойны обырының скринингі 30 жастан басталады. Тоқ ішік ісіне 50 жастан 2 жыл сайын диагностикадан өту қажет.


Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу