Зейнетақы қорынан жұмсалған қаржы иесіне табыс әкеледі
Зейнетақы қорынан жұмсалған қаржы иесіне табыс әкеледі. Яғни, қордағы ақша қандай да бір мақсатқа пайдаланылса, қаражат өседі. қордағы ақшаға вагондар сатып алып жатқан көлік министрі Марат Қарабаев осылай деп түсіндірді. Оның айтуынша, зейнетақы қорындағы ақшаңыздан 100 теңге алынса, ол қаражат қорға кері қайтарылғанда қосымша табыс төленеді. Яғни, 100 теңгеңіз 115 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Марат Қарабаев, қазір «Бәйтерек холдингі» зейнетақы қорынан ақша алғанын растады. Яғни, 184 млрд теңгеге вагондар сатып алынуда. Оның 100-і жолаушы, ал 3 мыңы жүк тасымалдайды. Бастысы, зейнетақы қорынан алынған ақшаның қорға қайта түсуіне мемлекет кепілдік береді, деді министр.
Марат Қарабаев, ҚР көлік министрі:
Зейнетақы қорындағы қаржы сол жаққа қаржысын салған кісілерге ол міндетті түрде пайда алып келуі керек. Бұл бірінші мәселе. Сол жақта тұрған ақшасы халыққа, елге, жұртқа пайда алып келіп жатыр. Өйткені, нарықтық пайыздық мөлшермен алынған ақша. Ол жеңілдетілген ақша берілген жоқ. «Бәйтерек» басқарушы холдинг толық мемлекеттік болып саналады. Соның нәтижесінде ол ақшаның толық зейнетақы қорына қайта түсуіне мемлекет толық кепілдік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ халқының көмескіленген этнографиясы
22.04.2026, 20:58
Сарапшы: Жаңбыр суын жинау тәжірибесі маңызды
22.04.2026, 20:11
Жасыл технология – табыс көзі
22.04.2026, 20:10
Астана экологиялық саммиті – әлем баспасөзінің назарында
22.04.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
22.04.2026, 20:08
Тұрғындар балаларын мектепке жіберуге қорқады
22.04.2026, 20:06
Өңірлік экологиялық саммиттің айшықты сәттері
22.04.2026, 20:06
Саммит аясында «Балалар денсаулығын қорғаудың заманауи стратегиялары» атты жиын өтті
22.04.2026, 20:05