Атырауда 8 мың жүргізуші жол ережесін бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 8 мың жүргізуші жол ережесін бұзған

21.02.2024

Атырауда екі аптада 8 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелген. Тәртіп сақшыларының айтуынша көбі шетелдік нөмірмен жүрген көлік жүргізушілері. 290 азамат пайдалануға тыйым салынғаннан кейін де заңды түрде тіркелмеген көлікті тізгіндеген. Рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікпен жүрген 57 адамға әкімшілік шара қолданылды.

Әбдіғани Сейдуәлиев, облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары:

Шетелдік автокөліктерді құжатсыз басқарған 400-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Оның 97–і айып тұраққа қамалды. Қазіргі таңда осы шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу