Автобустағы қызықтарды видеоға түсірген елордалық желіде танымал болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автобустағы қызықтарды видеоға түсірген елордалық желіде танымал болды

20.02.2024

Бірер күнде бірнеше миллион қаралым. Автобустағы қызықтар мен бақылаушының әр күнін видеоға түсірген Мадияр Адамжан әп-сәтте танымалдылыққа ие болды. Күніне 45 автобусқа мініп, жолаушылардың жол ақысын төлеген-төлемегендігін бақылайтын Елордалық тұрғын жайлы Аида Ахметбек рет-ретімен..

Автобуста жолаушылардың көңіл-күйін көтеріп, әлеуметтік желіде миллиондаған қаралым жинаған автобустағы бұл жігітті, сіз де көрген шығарсыз.

Қарағандының тумасы Мадияр Адамжан 3 жылдан бері қоғамдық көлікте бақылаушы болып жұмыс істейді. Төлем тәртібіне жауапты. Табиғатынан ашық-жарқын, көңілді жігітпін дейді. Сондықтан әлеуметтік желіде өз жұмысын ашық көрсетеді.

Мадияр Адамжан, бақылаушы:

Ол идеяны мен шетелден алдым. Сосын маған сондай ой келді. Неге қазақстандықтар да өз жұмысын көрсетпеске деп. Ең бірінші, видеом менің автобустың ішіне кіріп ұялмай, кішкене қобалжып түсірдім. Ол 1,6 млн просмотр жинады.

29 жастағы Елорда тұрғынын расымен жолаушылардың басым бөлігі таниды екен. Оған өзіміз де куә болдық.

Күніне 40-45 автобуспен 1500-ге жуық жолаушының төлемін тексеретін Мадияр ешкімге қабақ шытпайтынын айтады. Айыппұлдан бұрын, алдымен ақпараттық түсіндірме беремін дейді.

Мадияр Адамжан, бақылаушы:

Фишка, изюминка дейді ғой, пассажирлеріммен өте әзілқоймын. Және де жолаушыларым қайда баратынына дейін білемін. Азанмен больницаға, жұмысына барады. Өзім таңертең күтіп алып, жұмыстарына апарып, күтіп алып үйлерін шығарып тастаймын.

Оқырмандары күн санап көбейіп жатқан бақылаушы мұны қалыпты жағдайға балайды. Себебі өз қызметін жарнамалап, қызықты тұстарын көрсетуде тұрған еш айып жоқ, дейді.

Хабарламаларға жазылу