Еліміздің 10 облысында су тасқыны болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 10 облысында су тасқыны болуы мүмкін

20.02.2024

Қазақстанның 10 өңірінде су тасқыны болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарына тау суының ағыны қауіп төндіріп тұр. Ал Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарның кей аумақтарын еріген қар суы басуы ықтимал. Жыл сайын тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Десе де, солтүстік және шығыс өңірлері соңғы үш жыл бойы қызыл судың зардабын тартып келеді. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов оған гидротехникалық құрылыстың тым ескіріп, су қоймаларының толып кетуі себеп, - дейді. Премьер-Министр Олжас Бектенов, сала басшысына биыл кез келген жағдайға дайын болуды тапсырды.

Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

Бізде жоспар бар. «Көктем» оқу-жаттығу шарасы аясында бәрі текерілді. 39 мыңға жуық адам мен күш-құралдар, 11 мыңға жуық техника, 400-ден астам жүзу құралдары. 18 тікұшақ және 3000-нан астам мотопомпа дайын. Мұның бәрі тез арада жұмылдырылады және өңірлердегі ТЖД басшыларына бүкіл құзірет берілген.

Хабарламаларға жазылу