Басты Жаңалықтар Ұлыбритания экономикасы техникалық рецессияға ұшырады

Ұлыбритания экономикасы техникалық рецессияға ұшырады

Ұлыбритания экономикасы техникалық рецессияға ұшырады. Бұл үдеріс экономика екі тоқсан қатарынан құлдырағанда жарияланады. Жалпы ішкі өнім былтыр жыл соңында 0,3%-ға қысқарған.

Бұл көрсеткіш сарапшылардың жорамалынан да нашар болды. Олар экономика 0,1%-ға төмендейді деп болжаған. Құлдырау негізгінен қызмет көрсету, өндіріс және құрылыс секторларында байқалған. Англия Банкі бұдан кейін британиялықтардың қалтасы жұқара түседі дегенге сенбейді. Қаңтар айында инфляция 4 пайыз деңгейінде сақталған. Бұл жағдай парламенттік сайлауға дайындалып жатқан Премьер-министр Риши Сунак үшін ауыр соққы болды. Саяси науқан осы жылдың соңында өтуі мүмкін. Үкімет басшысының берген негізгі уәделерінің бірі- экономиканы көтеру болатын.

Джереми Хант, Ұлыбритания қаржы министрі:

Инфляция төмендеп жатыр. Жалақы 6 айдан бері өсіп келеді. Егер табандылық танытсақ, тәуелсіз болжаушылардың пікірінше, жаздың басында пайыздық мөлшерлемелер төмендейді. Яғни, ипотекасы бар отбасылар үшін қолайлы болмақ.

Марина Бекенова


Бөлісу