Қазақстанның 10 өңірінде көктемде су тасуы мүмкін
Еліміздің 10 өңірінде су басу қаупі бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Тау суының ағыны есебінен – Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстары қауіп алдында тұр. Ал қардың мол еруіне байланысты – Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарының кей жері суға кетуі мүмкін. Соңғы үш жылда солтүстік және шығыс өңірлерді жыл сайын су басқан болатын. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов оның себебін гидротехникалық құрылыстың тым ескіріп, су қоймаларының қауіп алдында тұрғанымен түсіндірді.
Тәуірбек Бозекен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда Халықаралық шахмат турнирі басталды
13.10.2026, 20:29
Ұстаз Қанипа Бітібаеваның әдістемесі мектептерде пайдаланылады
13.10.2026, 20:26
Сарапшылар: Қазақстан Конституциясы сөз бостандығына кепілдік береді
13.10.2026, 20:08
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2026, 20:06
Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын картадан бақылауға болады
13.10.2026, 20:05
Бельгия Королі мен Патшайымы қазақтың ұлттық дәстүрлерімен танысты
13.10.2026, 20:05
Бельгиямен байланыстың жаңа белесі басталды
13.10.2026, 20:05
«Алтын виза» енгізіледі: Құрылтай көші-қон заңнамасын жетілдіруге кірісті
13.10.2026, 20:04