Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп 1 млрд доллар болатын 21 жоба жүзеге асырмақшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп 1 млрд доллар болатын 21 жоба жүзеге асырмақшы

20.02.2024
Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп 1 млрд доллар болатын 21 жоба жүзеге асырмақшы

Қазақстан мен Өзбекстан жалпы құны 1 млрд доллар болатын жаңа 21 жобаны бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі. Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен жүргізілген кеңейтілген құрамдағы келіссөзде осы мәселе айтылды. Бүгінде Қазақстан- Өзбекстанның «үштікке» кіретін ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Соңғы жылдары екіжақты сауда көлемі 4 млрд доллардан асқан. Еліміздің сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, екі ел арасындағы алыс-берісті ұлғайтып, тауар айналымын 2 есеге арттыру көзделіп отырғандығын жеткізді.

Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі:

Экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету перспективаларын ортаға салдық. Осы тұста сауда, өнеркәсіп, су, көлік және логистика салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері жете талқыланды.Қазақстан Өзбекстанның «үштікке» кіретін ең ірі сауда серіктестерінің бірі.Соңғы жылдары екіжақтық сауда көлемі тұрақты түрде 4 млрд доллардан асады. Енді алдағы белестердің бірі – осы алған екпінді жоғалтпай, тауар айналымын 10 млрд долларға дейін еселету.

Биыл елімізде Өзбекстанның мәдениет күндері өтеді

Жиында екі елдің транзиттік әлеуетін арттырып, оны жеңілдетуге бағытталған бірнеше ұсыныс айтылды. Жаңа темір жолдарды салу, шекарадан өту пункттерінің санын көбейтіп, кедендік және басқа да қызметтерді цифрландыру талқыланды. Биыл елімізде Өзбекстанның мәдениет күндері ұйымдастырылады. Бұл туралы Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов айтты.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу