Қазақстан Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ресми мүшесі болды
Ұлттық спорт қауымдастығы Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ресми мүшесі болды. Антальяда Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған VI Этноспорт форумы өтті. 60-тан астам елден барған қатысушыларға алдағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасы таныстырылды. Осы ойындардың негізгі спорттық бағдарламасын біріздендіру мәселелері талқыланды.
Жиын барысында дәстүрлі спорт саласындағы 5-ші халықаралық сыйлық табыс етілді. Марапатты елімізден академиялық санатта – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының профессоры Елемес Әлімханов алды. Спорт санатынан сыйлық қазақ күресінен спортшы Зарина Сариповаға берілді.
Исламбек Салжанов, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті:
Бірнеше мемлекеттің спорт министрлерін, ұлттық спорт қауымдастық басшыларын шақырып көп мәселелерді талқыладық. Бірнеше ұсыныс жасадық. Біріншісі бүкіл этноспортта болып жатқан регламентті халықаралық стандартқа сай әкелу. Жалпы біздің жасаған ұсыныстардың барлығын олар қабылдап жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ халқының көмескіленген этнографиясы
22.04.2026, 20:58
Сарапшы: Жаңбыр суын жинау тәжірибесі маңызды
22.04.2026, 20:11
Жасыл технология – табыс көзі
22.04.2026, 20:10
Астана экологиялық саммиті – әлем баспасөзінің назарында
22.04.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
22.04.2026, 20:08
Тұрғындар балаларын мектепке жіберуге қорқады
22.04.2026, 20:06
Өңірлік экологиялық саммиттің айшықты сәттері
22.04.2026, 20:06
Саммит аясында «Балалар денсаулығын қорғаудың заманауи стратегиялары» атты жиын өтті
22.04.2026, 20:05