Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады. Ол Президентке Агенттіктің бақылау функцияларын орындау барысы, оның ішінде экономиканы монополиядан арылту жөніндегі құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстары туралы есеп берді.
Сонымен қатар Марат Омаров Агенттіктің 2024 жылға арналған жоспары жайында айтты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ведомствоның жүргізіп жатқан тексеру жұмыстарына, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғауға әрі өркендетуге қатысты бірқатар тапсырма берді.
Марат Омаров, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:
Орындалған нұсқамалардың үлесі 90,3 пайызға жетті. Сондай-ақ саланы цифрландыру барысы туралы баяндадым. бүгінде бәсекелестіктің жай-күйін талдау үшін ақпараттық-сараптамалық жүйе іске қосылған, мемлекеттік қызметтер цифрландырылған. Картельдік сөз байласу фактілерін анықтау мақсатында жасанды интеллект элементтері енгізіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28
Ұстаздық еткен әулеттің еңбек өтілі 2 ғасырға жуықтайды
02.10.2026, 20:26
Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
02.10.2026, 20:25
Вице-Премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты
02.10.2026, 20:24