Елімізде сегіз жылда 7 539 адам сыбайлас жемқорлық бойынша сотталды
Қазақстанда сегіз жылда 7 539 адам сыбайлас жемқорлық бойынша жазаға тартылды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің хабарлауынша, 2016 жылы 903 жемқор сотталған. Ал былтыр 916 адам сыбайлас жемқорлық бойынша жауапкершілікке тартылған. Жемқорлар бойынша, ең көп сот үкімі шыққан жыл - 2018, яғни, ол уақытта 1 079 адам сотталған. Сыбайлас жемқорлық бойынша жаза арқалаған танымал адамдарға тоқтала кетейік, 2016 жылы «ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясының» бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылды.
2018 жылы Ұлттық экономика министрі болған Қуандық Бишімбаев 10 жылға сотталған еді. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық әрекетімен көзге түскен шенділердің қатарында Павлодар мен Қызылорда облыстарының бұрынғы әкімдері де бар. Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаев сияқты танымал кәсіпкерлер де істі болғаны есімізде. Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің бұрынғы орынбасары Нұржан Әлтаевтың да жемқорлыққа жол бергені баршамызға мәлім.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21