Ақтөбе облысында жол апатынан көз жұмған оқушылардың ісі сотқа жолданды
Ақтөбе облысында екі оқушы мен мұғалімнің өліміне себепші болған көлік жүргізушісінің ісі сотқа жолданды. Алдын ала тыңдалым 23 ақпан күні өтеді. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Естеріңізге салайық, қайғылы оқиға былтыр 19 желтоқсан күні Ырғыз ауданында болды. Жаныс би аулынан шыққан Тойота-Альфард көлігінде бес оқушы мен екі педагог болған. Көлік қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысады. Салдарынан, екі оқушы мен 25 жастағы мектеп директорының орынбасары сол жерде жан тапсырды. Ал көлікті тізгіндеген жүргізуші мектепте ұйымдастырушы-педагог болып жұмыс істеген.
Тәуірбек Бозекен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемнің мықты дзюдошылары Қазақстанда жаттығуда
10.08.2026, 13:25
Оқушыларға тазалық дағдылары ойын арқылы түсіндіріледі
10.08.2026, 13:21
Ертіс – Баян өңірінде Абай әндері шырқалды
10.08.2026, 13:18
Сицилия жағасынан 2 ғасыр бұрынғы кеме табылды
10.08.2026, 13:15
Қытайдағы тайфун салдарынан миллионнан аса адам эвакуацияланды
10.08.2026, 13:12
«Қазгидромет» күн райына қатысты ескерту жасады
10.08.2026, 13:10
Ерекше қажеттіліктері бар сайлаушыларға жағдай жасалуда
10.08.2026, 13:07
Сайлау учаскеңізді eGov Mobile қосымшасынан біле аласыз
10.08.2026, 13:05