Осы аптада Халықаралық кітап сыйлау күні болды. Идеяның авторы- америкалық Эмми Бродмур, кітапханашы, балалар кітабына арналған сайт ашқан үш баланың анасы. «Адамдар бір-біріне кітап сыйлайтын күн неге жоқ?» деген ұлының сауалынан кейін осы идеяны ұсынған. 2012 жылы.
Негізі бір күн ғана емес, жалпы сыйлыққа кітап беру дәстүрін қалыптырса, шіркін! Үйленіп жатқан жастарға бір қорапқа салып елу шақты кітап сыйлаған едім. Қызық мәлімет келтіре кетейін: Ең қымбат кітап Қайта өрлеу дәуірінің генийі Леонардо да Винчидің 72 беттік дәптері. Миланда өмір сүргенінде 1506-1510 жылдар аралығында «Су, жер және аспан әлемі» деп аталатын заметкалар мен эскиздер жасаған. Оны Билл Гейтс 1994 жылы 30 млн 800 мың долларға сатып алған. Ал қозғайтын тақырыбымыз - мектеп оқулықтары. Дәлірегі- оқулықтарға орай бітпейтін пікірталас. Әлі күнге дейін «Осындай да тапсырма бола ма?» деген наразы ата-ана аз емес. Мазмұнына жауап беретіндер не дейді? Амангелді Сейітханның материалы.
Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты:
Журналист немесе депутат ретінде емес, ата-ана ретінде қазақ тілі, жаратылыстану, қазақстан тарихы пәндерін қарап отырып, баланың қызығушылығын оятатындай, зейінін ашатындай бағдарлама бойынша жазылмағандығына көзім жетіп отыр.
Сенатор Бибігүл Жексенбай 5-ші сыныптың қазақ тілі оқулығын сынады.Ол кітапта ұсынылған Бен Хейн деген суретшіні ұстаздардың өзі жақсы біле ме екен? Африканың жас суретшісіне бірнеше сабақ арнаудың қажеті қанша,-деп жазды. Ал, одан да маңыздысы тапсырманың қиындығы.
Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты:
Тапсырманың өзі түсініксіз. Бұл не айтқысы келді суретші, ол қандай тәсілдерді пайдаланды деген сұрақтар. +Мен өзімде ойланып қалдым, қандай тәсілді пайдаланғысы келді. Суретшінің фантазиясының шегі жоқ, оның қалай не айтуға болатынын түсініксіз деп ойлаймын.
Фейсбуктегі осы және осыған ұқсас басқа дапосттар мен пікірлерді оқысаңыз оқулыққа көңілі толмайтындар көп екенін байқайсыз:
Нұрлат Байгенже: «3 сыныптың есептерін ата-ана болып біз түсінбейміз. Білетіндерден сұрасақ, Кеңестік кезде8-9 сыныптың есебі екен».
Данияр Жаныс: «Менің бірінші сынып оқитын балам теңдеу шығарып жүр. Оны мен 5 сыныпта оқығам».
Үміт Зұлқарова: «Одан да сұмдық тапсырмалар бар. Үшіншіде оқитын баламның әдеби оқу кітабында бүркіттердің қалай шағылысатыны бүге-шігесіне дейін көркем тілде сипатталған».
Саясат Идеятұлы: «4 оқитын інім келіп тұр: "Үйге тапсырмаға мақала жазып келуді тапсырды, көмектесші" деп. Кітабыңды әкел десем, репортаж, мақала жазу, т. б. оқып отырып, менің басым айналып кетті».
Баласының тапсырмасын орындай алмай, көмек сұрайтындарды әлеуметтік желіден жиі көреміз. 2016 жылы Қазақстан жаңартылған білім бағдарламасына көшкен. Содан бері оқулықтарға сын көп. Бірақ, білім мазмұнын сараптау орталығының өкілдері олардың дені негізсіз,-дейді.
Мәншүк Мұхаметқалиқызы, Республикалық білім мазмұнын сараптау орталығы директорының орынбасары:
Қателіктердің 74 пайызы расталмады. Оларды біз дәлелдеп жауап беріп отырмыз. Жалпы 100-ден аса ескертпе келді. Расталмау себептерінің бірнеше факторлары бар. Біріншіден, ол жеке тұлғаның субьективті пікірі болуы мүмкін. Екінші жағынан сыналып отырған пәннен оқу бағдарламасынан хабарсыз болуы мүмкін. Немесе әдістемені толық білмеуі мүмкін.
Маманның сөзінше, ескертпелердің 70 пайызы бастауыш сынып оқулықтарына түседі.
Мейрамгүл Нүсүпбек, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер:
Алғашқы кезде шыққан оқулықта антоним мен болымды, болымсыз етістікті шатастырып берген ғой. Ондай ережелер көп, оның бәріне тоқталудың қажеті жоқ.
40 жылдық тәжірибесі бар ұстаз Мейрамгүл Нүсүпбекоқулықтағы олқылықтароларды әртүрлі маманның әзірлеуінен туындап отыр,-дейді.2004 жылдан бастапоқулықтардың ішкі мазмұнын дабаспалар өздері әзірлейді.
Мейрамгүл Нүсүпбек, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер:
1-сыныпты бір бағдарламашы жазады. 2-сыныпты бір бағдарламашы мен автор жазады. 4-5-6-7 бөлініп-бөлініп кеткендіктен бірімен бірі байланыспайды екен. Мына стандартта 1-сыныптың оқу көлеміне қанша сөз, қанша ауызша, қанша жазбаша айту керек көлем берілгенімен жас ерекшелігіне сай келмейді екен. 2-сыныпқа келгенде жаңағы стиль, стильдің түрлері, бастауыш, баяндауыш сүйтіп кетеді.
Басты қателік баланың жас ерекшелігін ескермеу. Ондаймысал әліппенің өзінде бар,-дейді мұғалім.
Мейрамгүл Нүсүпбек, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер:
Мысалы, әліппеге дейінгі кезеңде 11-12 күнде балалар бірден сөйлеуді бастайды екен. Ал, оқушыда сөйлеу дағдысы жоқ, мынау суреттерге қарап әңгіме құрайды. Мынау хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем. Мына тақталар арқылы оқушылар 3 сөзден тұратын лепті сөйлем айту керек. Оқушы осы дағдыға дайын болмайды. Мұны білмегесін оқушы қиналады, соны білмей қалдым деп психологиялық стресске түседі.
Әліппені әрең оқып шығып, «Ана тілін» қолға алғандағыда осы.
Мейрамгүл Нүсүпбек, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер:
Бала әліппеден шықты, әріпті енді үйренді. Әріпті қосып енді жазып жатыр ал мына жерде бірден ұзақ сөйлем кетеді. Ал енді осының 47-бетінде мынадай тапсырма беріліпті. Ы. Алтынсариннің «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» деген әңгімесі берілген. Осы ертегінің соңын берген бірінші. 48-ші бетте басын берген. Мынау тапсырмаға құрылған. Сонда тапсырманы ол кісілер былай беріп отыр. Мәтіннің бөліктерін орнына қой дейді. Өзі мынаны сабақта көріп отырған кезде бала орнына қоя алмады. Бірде бір бала қоя алмады.
Бұл кітаптарды әзірлеген «Атамұра» баспасы. «Мұндай тапсырма неге берілді» деп баспадан сұрадық. «Алдағы аптада жауап береміз»,-деді. Ал, баспа дайындағаноқулықты тексеретінорталықтың маманы былай,-дейді.
Мәншүк Мұхаметқалиқызы, Республикалық білім мазмұнын сараптау орталығы директорының орынбасары:
Балаға сөйлем құра дегенде мүмкін өткен әріптер аясында сөйлем құру шығар. Оқулық дегеніміз ол мұғалімнің құралы. Ол жерде оқулықтағы материалды түрлендіріп беруі, оқулықтағы материалды балаға қызықты қылып өткізу ол тікелей мұғалімнің тәжірибесіне байланысты. Тек қана сол оқулықтың көлемінен шықпайтын педагогтар кездесіп жатады.
Бұл сөзден жауапкершілік мұғалімге артылғандай көрінді. Орталық өкілі Оңтүстік Кореяны дамысалғакелтірді.Ол жақта кейбір сыныпта мүлде оқулық жоқ, себебі, мұғалім тапсырманыөзі дайындауы керек,-деді. Ал, Мейрамгүл Нүсүпбек болса басқа елдердің оқулықтарын қарап көрген.
Мейрамгүл Нүсүпбек, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер:
Мен бірнеше елдің бағдарламасымен таныстым. Түркия, Сингапур олар оқушылардың жас ерекшелігіне аса мән береді. Мынадай бір беттің ішінде бірнеше дүние тұрмайды екен онда. Бір бетте осы мына тапсырмаға қатысты дүние бар. Біздің әліпбидің өзін қарашы жыпырлап кеткен ғой, жарықтықтар. Жыпыр-жыпыр, жыпыр-жыпыр. Бір беттің өзінде қаншама баланы алаңдататын дүние бар. Ал, мынаның бәріне алаңдап тұрған бала мұғалім беріп жатқанын ұқпауы мүмкін.
Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты:
Норвегия, Финляндия мемлекеттерінің білім бағдарламаларын қарастырып көрдім. Жаратылыстанудан олар қазіргі климаттың өзгеруіне байланысты, судың тапшылығына байланысты дүниелердің барлығын қазірден бастап балалардың санасына кіргізеді. Математика болса, дүкендерден қандай зат алу керегі, мынадай бюджет болатын болса сол бюджетті тиімді пайдалануы. Яғни, біздегі мысалы мектеп бітіргеннен кейін жастардың бәрі кредитке кіруіне қарсы бір иммунитетті мектептен қалыптастырады.
Ал біздегі мысалдардың көбі баланың ертеңіне қажетсіз деп санайды сенатор. Одан бөлек, тарихи фактілер де толық емес деп сынаушылар бар.
Өмір Шыныбекұлы, Тарих пәнінің мұғалімі:
Мен енді тарихтан сабақ берем ғой. Тарих оқулықтарына мүлде көңілім толмайды. Мәселен, мынау арғы тереңдемей Шыңғыс хан заманынан бастайық. Біздің тарихшылар мына Жошы ұлысының ізімен кетіп қалды да, ал Шағатай ұлысына кірген аумақтар, біздің Қазақстан халқының 45 пайызы тұратын Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары бар, ол өңірдің тарихы кірмей қалған. 7 класста 2 абзац, 10 класста 2-ақ парақ.
Мәншүк Мұхаметқалиқызы, Республикалық білім мазмұнын сараптау орталығы директорының орынбасары:
Оқулықтардың сапасы мәселесі министрліктің күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселелердің бірі. 23 жылдың қорытындысы бойынша оқулықтардың 20 пайызы мүлде мақұлданбады. Авторларды оқыту ісі қолға алынып жатыр. Алдағы уақытта авторларды оқытатын боламыз.
Авторларды оқытқаннан бөлек, кітапты баспалардың әзірлеуі дұрыс емес,-деді біз тілдескен мамандар. Өйткені, баспалар авторды өздері анықтайды. Қазір бұл нарықта 20 баспа болса, соның 4-і барлық оқулықтың 70 пайызын дайындайды екен.Олар «Мектеп», «Атамұра», «Алматыкітап», «Арман ПВА». Олар жазған кітап 5 кезеңдік тексеруден өткесін ғана мектепке жіберіледі. Бірақ, соның өзін де кемшілік азаяр емес.
Аманкелді Сейтхан, Тілші:
Баспалардың жауапкершілігін арттыру үшін 2022 жылы арнайы норма бекітіліпті. Яғни, оқулықтан қателік анықталса, баспа өз есебінен бүкіл тиражды қайта шығаруы тиіс.Мысалы, 2-сыныпқа арналғаншетелдің идеологиясын насихаттайтын иллюстрациялар мен мәтіндер жарияланған ағылшын тілі оқулығы қайта басылған.Бұл құптарлық дүние. Бірақ, сол қателіктермен оқып кеткен балалардың уақытын кім қайтарады? Ата-аналардың жұқарған жүйкесі туралы тіпті үндемедік.
Аманкелді Сейтхан