22 мыңнан аса ауыл шаруашылығы техникаларының тозығы жетіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22 мыңнан аса ауыл шаруашылығы техникаларының тозығы жетіп тұр

17.02.2024

Түркістандағы агро техниканың 72 пайызы тозған. Шаруалалар қолдағы тракторлар мен комбайндардың қолдану мерзімі өтіп кетсе де пайдалануға мәжбүр. Себебі жаңасын алуға ақша жоқ. Жыл сайын облыс бойынша тек 5 пайызы жаңарып отырады. Шетелден келетін техниканың бағасы да жыл сайын қымбаттап жатыр. Тығырықтан шығар жол бар ма?

Интершум

- мынау техникалардың тұрысы мынау. Бұны жөндеуге бізге қаражат керек.

Ордабасы ауданындағы шаруа қожалықтарының техникасының жетпіз пайызға жуығы тозып тұр. Оны жаңартуға қаржы жоқ. Себебі былтырғы бидай сатылмай қалған, сұраныс жоқ.

Қуаныш Серімбетов, шаруа қожалығының механизаторы:

Мына тракторды мысалы 14-15 жыл бұрын алғанбыз. Оны жаңартайық десек темір бөлшектердің барлығы қымбаттап кетті. Бұдан үш жыл бұрын комбайын алғанбыз. Ол комбайнды жүз миллионға алғанбыз. Оның кредитін әлі төлеп келе жатырмыз.

Бүгінде аймақтағы шаруа қожалықтарының 16 мыңнан аса техникасы, яғни 72 пайызының тозығы жеткен. Жыл сайын небәрі 5 пайыз техника жаңарады. Салдарынан тұтас сала ақсап тұр. Бірақ мамандар ауыл шаруашылығы техникаларын алуға берілетін субсидия көлемі жылдан жылға көбейіп жатыр дейді.

Әлібек Плалов, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Отандық ауылшаруашылығы техникаларын сатып алатын ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге 30 пайыз, ал шетелдік техникаларын алатын болса 25 пайыз мемлекет қайтарымсыз субсидия төлейді. Биыл біз «Ауыл аманаты» бағдарламасының алтыншы бағыты өз кәсібін ашу негізінде сатып алынған ауылшаруашылығы техникаларына да қаржыландырамыз деп жоспарлап отырмыз.

Яғни өткен жылы өңірде мыңнан аса техниканы алуға 4 млдрд теңге көлемінде инвестициялық субсидия төленген. Оған қоса отандық компаниялар диқандарды демеп, ұтымды ұсыныс білдірген. Мәселен Ордабасы ауданындағы трактор шығаратын зауыттан шаруалар ескі техникасын өткізіп, орнына жаңасын алуда.

Жансая Базарбекова менеджер:

Әр техникаға жеке жеке 30% субсидия түседі. Ол үшін шаруа қожалық болу керек. Жеті жылға дейін мүмкіндік береді бөліп төлеуге. Алты пайызбен. Алғашқы жарна ретінде трактордың өзін көрсетеді.

Мемлекет басшысы инвестицияның тапшылығы ауылшаруашылығы техникаларының тозуына, егіннің бітік және еңбектің өнімді болмауына әкеп соқтыратынын атап өткен болатын. Сөйтіп жауаптыларға бұл салаға бөлінетін ақшаны екі есеге арттырып, екінші деңгейдегі банктерден қаражат тартуды тапсырған. Тапсырма жүзеге асырылса, әр жыл сайын ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту 10 %-ға дейін жетіп, жалпы өнім көлемі 2 есеге артады деп күтілуде.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу