Нан қымбаттады: Баға бір жылда 19% көтерілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нан қымбаттады: Баға бір жылда 19% көтерілген

10.10.2022

Елімізде нан қымбаттай түсті. Баға бір жылда 19 процентке көтерілген. Сарапшылардың айтуынша, ас атасы әсіресе Ұлытау, Алматы және Ақмола облыстарында қымбаттаған. Ал Солтүстік Қазақстанда баға небары екі жарым пайызға көтерілген. Өзге өңірлерде құнның шарықтауына дизель тапшылығы, ұн және тыңайтқыштар мен ауыл шаруашылығы техникаларының қымбаттауы әсер еткен. Сол үшін әлеуметтік тауар бағасын реттеп, тұрақтандыру қорларының жұмысын жандандыру керек, дейді сарапшылар.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу