Екібастұз МАЭС-2 стансасын жаңғыртуға бөлінген 1 млрд теңге ұрланған
Екібастұзда нөмірі екінші жылу электр стансасын жаңғырту кезінде 1 млрд теңгеге жуық қаражат жымқырылған. Мәліметті Павлодар облысының прокуратурасы таратты. Құзырлы орган 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражаттың жұмсалуын тексеріп, заң бұзу деректерін анықтаған. Әзірге атқарылды деп көрсетілген, бірақ расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгеге жеткен.
Қазір aca ірі мөлшерде мүлікті жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Прокуратура жақында мемлекетке келтірілген залалдың нақты мөлшерін және осы қылмысқа қатысы бар тұлғалардың есімін жарияламақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сарапшы: Жаңбыр суын жинау тәжірибесі маңызды
22.04.2026, 20:11
Астана экологиялық саммиті – әлем баспасөзінің назарында
22.04.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
22.04.2026, 20:08
Тұрғындар балаларын мектепке жіберуге қорықады
22.04.2026, 20:06
Саммит аясында «Балалар денсаулығын қорғаудың заманауи стратегиялары» атты жиын өтті
22.04.2026, 20:05
Кітап керуені жолға шықты
22.04.2026, 20:05
Арал маңындағы халықтың денсаулығын жақсартудың 4 бағыты айқындалды
22.04.2026, 20:04
«Astana Eurasian Book Fair-2026» жәрмеңкесі басталды
22.04.2026, 20:03