Оңтүстік Кореяда ұлттық құрама жаттықтырушысы қызметінен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда ұлттық құрама жаттықтырушысы қызметінен босатылды

16.02.2024

Оңтүстік Корея Футбол Қауымдастығы ұлттық құрама жаттықтырушысы Юрген Клинсманды отставкаға жіберді. Мұндай шешім қабылдауға, Азия кубогында ел командасы жартылай финалда Иорданиядан 2-0 есебімен жеңілуі себеп болған.

Айта кетсек, Корея футбол командасы 64 жыл бойы Азия чемпионаттарында үшінші орыннан жоғарылай алмай келеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу