Абай облысында жолда қалғандарды тікұшақпен құтқарып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында жолда қалғандарды тікұшақпен құтқарып жатыр

16.02.2024

Тұтас Семей қаласында бір мезетте жарық өшіп қалды. Шамамен 10 минуттай уақыт шаһар жарықсыз болды. Қазір қайта қалпына келтірілді. Бірақ кейбір аудандарда электр жарығы оған қоса су берілмеген. Себептері анықталып жатыр. Жалпы, Абай облысында қарлы боранның салдарынан жолда қалғандар тікұшақпен құтқарылып жатыр. Тікұшақпен қар құрсауынан 29 адам, оның ішінде 3 бала эвакуациялады. Барлығы Қалбатау ауылына жеткізілген. Оларға медициналық көмек қажет емес. Уақытша жылыту пунктіне орналастырылды.

Абай облысында соңғы екі тәулікте 80 сантиметрге дейінгі қалыңдықта қар түскен. Салдарынан қар басқан тас жолда қозғалыс қиындады. Оның үстіне, боран әлі соғып тұр. Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» және полиция бірлесіп, жолаушыларға көмек көрсетіп жатыр. Аягөз-Қалбатау, Қалбатау-Семей, Қалбатау-Көкпекті бағыттарында күн райы жақсара түскенде бір реттік рұқсат қағаздары берілмек. Себебі, рұқсат берілген бетте көліктер жаппай жолға шығып кетуі мүмкін. Ал Қалбатау-Көкпекті бағытында 60-қа жуяқ көлік қарға батып қалған. Оларға қосымша күш жіберуге тура келген. Өңірде бүгін ауа температурасы күрт төмендеп үскірік аяз -35 градусқа жеткен. Жолаушыларды жедел құтқару жұмыстары жалғасуда.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу