Теміртау қаласындағы екі қабатты дүкенде газ жарылғаннан кейін абайсызда адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздік ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бастапқыда жарылыстың болжамды екі себебі айтылған еді. Алғашқысы дүкенге жапсарлай орналасқан гаражда газбен жүретін көлік болған. Метан содан тарауы мүмкін. Ал зардап шеккен 1993 жылғы әйел дүкеннен оттық сатып алып оның жанатынына көз жеткізгісі келген. Осы кезде жарылыс болуы мүмкін деген болжам жасалды. Алайда тексеріс барысында көліктің газ қондырғысы дұрыс болып шықты. Мамандар енді екінші нұсқа бойынша ғимаратқа келіп тұрған табиғи газ құбырында ақау болған деген болжамға тоқтап отыр. Еске салсақ, кеше Теміртауда жеке тұрған дүкен ғимаратында газ жарылып, 1973 жылғы әйел дам қайтыс болды. Зардап шеккен келіншектің жағдайы қалыпты.
Ораз Тәуірбеков, Теміртау қаласының әкімі:
Газ баллоны шығарылған, ол жарамды және жарылған жоқ. Сол себепті екінші нұсқа қалып отыр – ол табиғи газ. Бірақ қазір тергеу шеңберінде тиісті қызметтер арқасында нақты себеп анықталатын болады.
Руслан Нұрланұлы