Нұржан Мұхамеджанова: Журналистердің кішкентай еңбегінің әр жағында үлкен тарих, адам тағдыры жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұржан Мұхамеджанова: Журналистердің кішкентай еңбегінің әр жағында үлкен тарих, адам тағдыры жатыр

24.06.2016
Нұржан Мұхамеджанова: Журналистердің кішкентай еңбегінің әр жағында үлкен тарих, адам тағдыры жатыр

Ертең елордадағы «Қазмедиа» орталығында журналистер күні қарсаңында «Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастырған «Арнаның бетке ұстарлары» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.

Байқауды өткізудегі басты мақсат – еліміздің әр аймағында жұмыс істеп жатқан филиалдардағы қызметкерлердің лайықты бағасын беру.

«Аймақтық филиал қызметкерлерін ынталандыру мақсатында біз биыл тұңғыш рет «Арнаның бетке ұстарлары» республикалық байқауын ұйымдастырдық. Әр аймақтан финалға өткен екі қатысушы Гран-при және жүлделі орындар үшін бақ сынады.

Біз үшін жергілікті жерлердегі тележүргізушілердің танымалдылығын, кәсіби қасиеттері мен қызметте көтерілу деңгейлерін бағалау маңызды болды. Аймақтардағы үздік қызметкерлер болашақта Астанаға - орталық телевидениеге қызметке шақырылуы мүмкін»», деді Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова «Казахастанская правда» газетіне берген сұхбатында.

Басылымның бүгінгі санында жарияланған мақалада  Басқарма төрайымы сондай-ақ, журналистік қызмет туралы айтып өткен.  

 «Журналист әрқашан оқиға ортасында жүреді. БАҚ саласында қызмет ететіндерден жауаптылық, білімге құмарлық, сонымен қатар, заманға сай креативтілік талап етіледі. Біздің кішкентай еңбегіміздің әр жағында үлкен тарих, адам тағдыры жатыр.  Журналистика адамдардың өмірін жақсартуға қызмет етуі керек», делінген сұхбатта.

Хабарламаларға жазылу