Басты Жаңалықтар Теміртауда газ жарылысынан кейін бір адамның денесі табылды

Теміртауда газ жарылысынан кейін бір адамның денесі табылды

Теміртау қаласындағы газ жарылысынан кейін үйінді астынан 1973-ші жылы туған әйел адамның мәйіті табылды. Тағы бір әйел адам ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оны күйік шалып, шок алған деп отыр. Жағдайы орташа-ауыр.

Бүгін таңертең сағат 08:06-да екі қабатты дүкен ғимаратында газ жарылған. Мұнда газ орталық желіден жеткізілген болып шықты. Қазір құтқарушылар үйіндіні тазартып, дүкенде басқа адамдардың болған-болмағанын анықтап жатыр.

Руслан Нұрланұлы

Бөлісу