Теміртауда газ жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртауда газ жарылды

15.02.2024

Теміртауда газ жарылды. Оқиға бөлек тұрған дүкенде болған. Бұл жөнінде төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Құтқарушылар үйінді астынан бір әйел адамды шығарған. Оның сөзінше, үйінді астында тағы бір ер адам болуы мүмкін. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы туралы толық мәліметті алдағы жаңалықтарда айтамыз.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу