ҚТЖ-ға шұғыл реформа керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚТЖ-ға шұғыл реформа керек

14.02.2024

«Қазақстан темір жолын» шұғыл реформалау қажет. Ұлттық тасымалдау компаниясының жұмысына көңілі толмайтын Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров бүгін осылай деп мәлімдеді. Ол еліміздегі экспорттық жүк тасымалы тарифтерінің қымбаттауына алаңдаулы. Айтуынша, магистралды теміржол жүйесінің экспорттық жүк тасымалы бойынша бағалар 2016 жылдан бері екі есе артқан. Былтырдың өзінде тариф құны үш рет көтерілсе, жыл басынан бері тағы 5 пайызға өскен. Бұл жайды реттемесек, 2025 жылға дейін экспорттық жүк тасымалының бағасы тағы екі есе қымбаттайды. Себебі «Қазақстан темір жолын» тариф өсімін реттейтін тетіктерге тікелей қатысады, - дейді депутат.

Мұқаш Ескендіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бұл мәселені шешу үшін инфрақұрылымның ұлттық операторындағы «Қазақстан темір жолының» ықпалын азайтып, басқарма құзыретін Көлік министрлігінің қарамағына беру керек. Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрінің «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын уақытша тоқтату қажет деп санаймын.

Хабарламаларға жазылу