Президент Қатарға мемлекеттік сапармен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қатарға мемлекеттік сапармен барды

14.02.2024

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапары аясында осы елдің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөз жүргізеді. Кездесулерден соң бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады. Сосын Мемлекет басшысы қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, осы елдің бизнес өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған. Президент мінген борт Қатар астанасына кеше кешкісін қонды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Дохадағы әуежайдан Қатар Әмірінің өзі қарсы алды. Осы рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары әуежайдың мәртебелі меймандар залында қысқаша пікір алмасты.

Арман Исағалиев, Қазақстанның Қатар мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі:

Мемлекет басшысын әуежайдан барып күтіп алу деген астарында үлкен мағына бар. Қатар әмірі кезінде Астанаға барғанда біздің Мемлекет басшысы да оны қарсы алуға барған болатын. Бұл екі мемлекет басшысы арасындағы қарым-қатынастардың ең бір жоғары көрінісі деуге болады.

Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу