Экономиканың барлық саласында кешенді жұмыс жүргізу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экономиканың барлық саласында кешенді жұмыс жүргізу керек

13.02.2024

Президент 2029 жылға қарай ел экономикасының көлемін екі есе арттыру жөнінде нақты міндет жүктеді. Ал мұны жүзеге асыру үшін экономиканың барлық саласында кешенді жұмыс жүргізу керек. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жас сарапшылар клубының отырысында айтты.

Жиынға қатысушы сарапшылар экономиканы әртараптандыруға, салааралық реформалар жүргізуге қатысты өзекті мәселелерді қозғап,стратегиялық дамудың маңызды қырларын талқылады. Сенат Төрағасының айтуынша, қазіргі таңда елімізде әлеуметтік даму және бюджеттік-салық саясаты мәселелерін қайта қарау, жаңа инвестициялық кезеңді бастау жөніндегі міндеттердің маңызы зор. Сонымен қатар, Палата Спикері елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды сақтаудың маңызды екеніне де назар аударып, осы бағытта инвесторлар, орталық және өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға баса мән берілетінін атап өтті.


Хабарламаларға жазылу