Хореография академиясының түлектеріне сұраныс артуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хореография академиясының түлектеріне сұраныс артуда

13.02.2024

Ұлттық мәртебеге ие жоғары оқу орындарының арасында, хореография академиясы түлектері 100 пайыз жұмыспен қамтылған. Еліміздегі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны бағалау мақсатында жүргізілген зерттеу нәтижесі осыны көрсетті. Академия ректоры бұл үрдіс 2020 жылдан бері қалыптасқан деді. Сондықтан да болар, қазір академияда Жапония, Қытай, Эстония, Өзбекстан, Әзербайжан елдерінен келіп оқитын студенттер көбейген. Жоғары оқу орны басшысының айтуынша білімді оқушыларды елдімекендерден өздері іздеп табады.

Бибігүл Нүсіпжанова, Қазақ Ұлттық хореография академиясының ректоры:

Жақында ғана біздің ұстаздарымыз бүкіл Қазақстан бойынша балаларды іріктеуге кетті. Әрбір ауылды, үлкен қалаларды аралап, солардың ішінен өнерлі балаларды іздеп, сосын бізге тартады оқуға.
Аққали Тұрғали, балет артисі:
Бізде ұлдар сыныбында он шақты бала болды. Төртеуі осы Astana Ballet-те, төртеуі Astana Opera театрына жұмысқа орналасты. Ал біреуі «Гүлдер» ансамблінде. Енді біреуі ол осы академияның жоғары оқу орнына түсіп, ары қарай оқуын жалғастырды.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу