Қызылорда облысында оқушылар арасындағы төбелестен бір бала қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында оқушылар арасындағы төбелестен бір бала қайтыс болды

13.02.2024

Қызылорданың Белкөл кентінде оқушылар арасындағы төбелестен бір бала қайтыс болды. Жанжалда соққы алған жасөспірім елдімекендегі медициналық бекетке жеткізем дегенше жан тапсырған.

Қайғылы оқиға кеше түс ауа мектептен тыс кенттегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған. Сабақтан шыққан соң балалар ерегісіп, төбелестен 9 сынып оқушысы қайтыс болды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде сол мектептің 10 сынып оқушысы қамауға алынды. Ал осы жағдайдан кейін мектеп директоры мен тәрбие жөніндегі орынбасары жұмыстан босатылды. Жалпы аймақта жасөспірімдер арасында әлімжеттік көрсету оқиғалары тыйылмай тұр. Осыдан бір ай бұрын Амангелді ауылында төбелестен бір оқушы көз жұмған еді.

Асқарбек Есжанов, облыстық білім басқармасының басшысы:

Белкөл кентіндегі көпқабатты тұрғын үйдің подъездің алдында болған жағдай. Бар болғаны төрт бала болған ол жерде. Қасындағы үш бала көтеріп жеткізген. Алғашқы медициналық көмек көрсету барысында бала үзіліп кетіп отыр. Ешқандай да пышақ қолдану болмаған. Ол жалған ақпарат.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу