Шымкентте қоқыс өңдеу зауытын салуға бірнеше шетелдік инвестордан ұсыныс түскен
Шымкент қаласынан тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салуға бірнеше шетелдік компания қызығушылық танытып отыр. Жаңадан жасақталған Үкіметке Президент жүктелген мәселелердің бірі осы болатын. Қытай және Түркия елінің инвесторлары қоқысты өртеу кәсіпорнын салуды ұсынған болса, германиялықтар полигон салу үшін заманауи құрылыс материалдарын жеткізіп бермек. Мұнан бөлек Испания, Корея елдерінің инвесторлары да бұл іске қызығушылық танытқан. Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салу үшін қаланың іргесіндегі Ақтас елді мекенінен 30 гектар жер бөлінген. Былтыр бұл аумаққа 240 мың тонна қоқыс төгілген болса, соның үштен бірі сұрыптауға жіберілді.
Әбілқайыр Оңғар, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
Оларға қажетті қоқыстың көлемін, морфологиялық құрамын, барлық информацияны алып отыр. Қазіргі таңда министрлікпен, қала әкімдігімен бірлесіп, сол ұсыныстарды талқылау үстіндеміз.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12