Таразда жүргізуші куәлігін бірнеше жыл бойы саудаға салған қылмыстық топ ұсталды
Таразда жүргізуші куәлігін бірнеше жыл бойы саудаға салған қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілер қатарында халыққа қызмет көрсету орталығының басшылары да бар. Олар лауазымды қызметін теріс пайдаланып, оқыту сабақтарының сертификатын сұрамаған. Тіпті, көлік басқаруды тәжірибе жүзінде тексермей, куәлік санаттарын ақшаға сатып келген. Сондай-ақ, сыбайластар арасында Жамбыл,Түркістан облысы және Алматы мен Шымкент қалаларының тұрғындары бар. Бетін тұмшалаған арнайы жасақ біразын жұмыс орнынан, кейбірін тұрғылықты жері бойынша тұтқындады. Ал полиция құрықталғандардың қанша млн теңге табыс тапқанын әзірге құпия қалдырып отыр.
Алмаз Саламатов, облыстық ПД бастығының орынбасары:
Тіркелген қылмыстық істер аясында тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі уақытта жүргізуші куәліктерін заңсыз берудің 35 дерегі анықталып, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен орындаушылар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22