Риддерде саяжайдағы үйлер мен автокөлік жолын су басып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддерде саяжайдағы үйлер мен автокөлік жолын су басып қалды

12.02.2024

Шығыстағы Риддер қаласының шетіндегі саяжайлағы отызға жуық жаздық үй мен бау-бақшаны және автокөлік жолын су басып қалды. Себебім жергілікті гидро-станса артық суды өте көп мөлшерде жіберген. Тау етегіне жайылған судан қазір мұз қалашығы пайда болған. Дүние-мүлкі сол мұздың астында қалған тұрғындар енді көктмеде бүкіл ауыл суға кете ме, деп үрейленіп отыр.

Валерия Старцева, Риддер қаласының тұрғыны:

ГЭС аяз күндері де, жылы болса да суды жібере берді. Бұл гидро стансаға жиналған қар аралас су емес. Таза су. Ол келді де төмендегі ауылға жайылды. Шамамен 28 үйді су басты. Тек үйлерді емес автокөлік және темір жолда қазір мұз астында.

Мұз ауылдың бір бөлгін де басып жатыр. Өйткені гидро стансадан шыққан су терең сайдың ішіндегі ауыл ірігесінен ағатын өзенге қосылады. Бірақ биыл жағаға жайылған.

Олжас Керейхан, тілші:

Тұрғындардың айтуынша жергілікті ГЭС биыл артық суды қаңтар айының бысынан бастап жібере бастаған. Төменге жайылған су мұз болып қатып, оның қалыңдығы 15-20 метрге дейін жетеді. Енді көктемде күн райы күр жылынса етектегі бір ауыл түгел суға кете ме, деген қауіп бар.

Қауіптің алдын алу үшін саяжай иелері алғаш су басқанда-ақ дабыл қаққан.Бірақ нәтиже болмады дейді.

Иван Серов саяжайын сырттай бақылумен ғана жүр. Бау-бақшасы мен жаздық үйі су астында. Қазір осы маңда жалпы 28 саяжай мұз құрсауында.

Иван Серов, Риддер қаласының тұрғыны:

Бұл гидро элетр стансаны дұрыс пайдаланбағанның салдары. Оған жиналған артық суды, қалай болса солай жібер салды. Негізі стансадан шыққан суды каналға бағыттау керек. Олай болмады. Станса басшылары бәрін табиғи жағдайға сілтеп отыр. Біз бұл мәселені жылы жауып қоймаймыз. Шығынымызды өтелуін талап етеміз.

Саяжайдағы үйі мен дүние мүлкі суда қалған тұрғындар жиналып, гидро-электр стансаны сотқа берген. Бірақ оның басшылары тұрғындардың шағымымен келіспей отыр.

Матвей Калошин, гидро-электр станса инженері:

Биылғы қыс өте жылы басталды. Желтоқсанда жаңбыр жауды. Сондықтан біз стансаға мұз кептелмес үшін суды жіберуге мәжбүр болдық. Болашақта мұндай мәселе туындамас үшін артық суды ағызатын қосымша арна салу да жоспарымызда бар.

Жалпы соңғы жылдары гидро стансанға қатысты шағым көп. Қатты аязда Громатуха өзенінде жүрген сең, стансаға келіп кептеліп салдарынан Риддер қаласы сусыз қалады. Биыл да солай болды. Сондықтан тұрғындар гидро-стансаны мемлекетке қайтаруды талап етіп отыр.

Нұрлан Зәріпұлы, Риддер қаласының тұрғыны:

Жыл сайын болатын жағдай. Осының алдында да болған. Үш-төрт күн болатын сондай. Сусыз қалған халық. Енді мына ГЭС-ті естіп жатырмыз жеке меншікте деп. Соны мемлекетке аударып берсе, сол дұрыс қой деймін.

Су басқан саяжайдағы үйлерге қатысты Риддер қаласы әкімдігі комиссия құрды. Тұрғындарға келген шығын есептеліп оның өтеу мәселесі сотта қаралмақ. Ал төтенше жағдай басқармасы гидро-стансаның жұмысына күнделікті мониторинг жасап отыр.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу