Мемлекет басшысы қарлы боранда жанқиярлықпен халыққа қызмет еткен азаматтарға алғыс білдірді. Еңбегі ерен бір топ қызметкерге мемлекеттік награда табысталАды. Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, ұйтқыған бораннан осы күнге дейін 1 400-ге жуық адам құтқарылған. Оның ішінде 88-і бала. Жанкештілік танытқан құтқарушылар мен дәрігерлердің еңбегі жайлы Айя Мүтәлі тарқатады.
Мемлекет басшысы қарлы боранда жанқиярлықпен халыққа қызмет еткен азаматтарға алғыс білдірді. Еңбегі ерен бір топ қызметкерге мемлекеттік награда табысталады. Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, ұйтқыған бораннан осы күнге дейін 1 400-ге жуық адам құтқарылған. Оның ішінде 88-і бала. Женкештілік танытқан құтқарушылар мен дәрігерлердің еңбегі жайлы Айя Мүтәлі тарқатады.
Дәл осындай ұйытқыған боран еліміздің басым аймағын 3 күн бойы әбден әуреге салды. Қолайсыз ауа райының кесірінен мал іздеуге шыққан 8 жастағы бала да іс-түссіз жоғалып кеткен. Полиция қызметкерлері мен еріктілер түні бойы ат, көлік, шанамен төңіректі сүзіп шықты. Бала боран басылған соң, 4 сағаттан кейін табылған.
Иманғали Райышев, баланың атасы:
Менің балам аман-есен табылды. Кешегі атсалысып іздеген азаматтардың бәріне көптен-көп рахмет айтамын. Барлық жігіттер, азаматар аман болсын!
Қолайсыз ауа райы тұрғындарды ғана емес, құтқарушылар, дәрігерлер, полиция қызметкерлері мен коммуналдық қызметті де әбден әбігерге салды.
Ақтөбелік құтқарушылар ат құлағы көрінбейтін боранда ауыр халде жатқан 73 жастағы науқасты ауруханаға жеткізе алмай әлек болған. Ауыр техникаға жол көрсету үшін қызметкерлер 3 сағат бойы 18 шақырым жаяу жүруге мәжбүр болды.
Нұрболат Тәжіғұлов, Төтенше жағдай қызметкері:
Жол нашар болды. Жолды көру мүмкіндігі тым нашар болды. Сол себепті біздер құтқарушылар, жүргізушіге нұсқау көрсетіп, 18 км жүгіріп, кей кезде жаяу жүріп апамызды аман-есен ауруханаға жеткізгенбіз. Техника өте үлкен болғандықтан, қауіп болды жолдан ауып кету. Яғни, жолдан шығып кетсе, техниканың ауып кету мүмкіндігі болды.
Әлеуметтік желіде тараған бұл видео да көпшілікті сүйсінтті. Тізеден асқан омбы қарға қарамай, шақырту түскен науқасқа асыққан ақтөбелік дәрігерлердің ерлігі көпке үлгі.
Қайрат Тілеу, жедел жәрдем қызметкері:
Жарты жолға дейін жедел жәрдем көлігімен жетіп, әрі қарай жету мүмкіндігі болмағандықтан, жаяу жүруімізге тура келді. Жаяу шамамен 2-3 км-дей жүрдік.
Боранды күні жанкештілік танытқан азаматтардың еңбегі еленбей қалмады. Президент оларға шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Дамылсыз жұмыс істеген азаматтар мемлекеттік наградаға ұсынылды.