Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады
Павлодар облысында былтыр 37 мыңнан астам адам тұратын 44 ауылға жаңа су құбыры тартылды. Осылайша ауыл тұрғындарының 98 пайызына таза ауыз су жеткізілді". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған облыс әкімі Асайын Байханов осылай деп мәлімдеді.
Ол өңірдің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. 2023 жылы облыс экономикасына 965 млрд теңге инвестиция тартылған. Жолаушылар тасымалы, машина жасау және құрылыс салаларында өсім байқалды. Ауылдарда заманауи үш мектеп, 30 жаңа медициналық нысан салынды. Екібастұз жылу электр орталығындағы қазандықтар түгел жөнделді. 73 шақырымнан астам жылу желісі реконструкцияланды.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Өткен жылы барлық базалық көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізілді. Облыс экономикасына 965 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының жаңа бағыты
12.03.2026, 20:58
Жаңа Конституция жобасы кемел келешектің кепілі
12.03.2026, 20:57
Ислам Республикасының жаңа жоғарғы жетекшісі алғаш рет мәлімдеме жасады
12.03.2026, 20:54
LRT жолақысы 200 теңге болуы мүмкін
12.03.2026, 20:53
Референдумға қатысу үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалады
12.03.2026, 20:51
«Ерекше» фильмінің премьерасы өтті
12.03.2026, 20:49
AI-Sana бағдарламасы студенттерді қабылдауға дайын
12.03.2026, 20:47
ОРК төрағасы ШЫҰ мен ТМҰ байқаушылар миссиясының басшылығымен кездесті
12.03.2026, 20:10