СҚО-да балалардың алғашқы ойын-сауық орталығы ашылды
Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша қаласында балаларға арналған алғашқы ойын-сауық орталығы қолданысқа берілді. Заман талабына сай жабдықталған нысанды жергілікті кәсіпкер ашып отыр.
Бірнеше жыл бос тұрған ғимаратты жалға алып, жөнге келтіруге кәсіпкер 15 млн теңге жұмсаған. Ғимараттың ауданы 500 шаршы метр, оның 300-і балалар ойнайтын жер. Ал 200 шаршы метрінде дәмхана орналасқан. Ойын-сауық орталығы 1 ден 12 жасқа дейінгі 50 балаға арналған. Қажетті құрал-жабдықтар Алматыдан әкелінген.
Салтанат Нұрахметова, жеке кәсіпкер:
Мұнда осындай балаларға арналған ойын ойнайтын жер болған жоқ. Біз Көкшетау қаласына барып жүрдік бәріміз. Көп қаражат кетеді оған. Сосын идея басталды. Осында ойын алаңын ашсақ, көмегі болады деп адамдарға деген ой келді. Енді балалар ойнап жатыр. Бүгіннен бастап біз жұмыс істей бастадық.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04