Ақмола облысында 127 елдімекенді су басу қаупі бар
Ақмола облысында 127 елдімекенді су басу қаупі бар. Әсіресе, Сандықтау, Атбасар, Аршалы, Астрахан, Целиноград аудандарында жағдай күрделі. Қазіргі таңда тәуекелі жоғары аймақтарда апаттың алдын алу жұмыстары басталған. Бүгінге дейін облыс бойынша 293 мың текше метр қар шығарылып, 21 мың тоннадан астам инертті материалдар мен 210 тонна жанар-жағармай әзірленді. Сондай-ақ, өңірде «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтіп, төтенше жағдай кезінде әрекет ету алгоритімі пысықталды. Шара аясында құтқарушылар су басу қаупі бар аймақтарда өткел жасап, инертті материалдар дайындады. Оған 60-тан астам адам мен 53 арнайы техника тартылды.
Марат Ахметжанов, облыс әкімі:
Қазіргі таңда біз ғылыми әдіс-тәсілдерді ескере отырып, барлық шараларды қабылдап жатырмыз. Яғни, арнайы зерттеулер жүргізіп, жердің қалай қатқандығын, жауын шашын мөлшерін анықтадық. Оған қоса, қауіптің алдын алу үшін қанша су төгілу керек екендігін де есептедік. Бұл жұмыс әлі де жалғасады.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05