Қостанай облысында бизнес өкілдерінің саны соңғы жылда 5 мыңға артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында бизнес өкілдерінің саны соңғы жылда 5 мыңға артты

12.02.2024

Қостанай облысында бизнес өкілдерінің саны соңғы жылда 5 мыңға артқан. Кәсіпкерліктің дамуына мемлекет қолдауы үлкен серпін беріп отыр. Әсіресе гранттық қаржыландыру мен жеңілдетілген несие жастардың жеке ісін ашуға мүмкіндік тудырды. Мәселен, Лисаков қаласында әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жататын алты адам биыл кәсіпкерлердің қатарын толықтырды. Солардың бірі - Гүлнәр Әлмурзина. Ерекше баласы бар ана үшін емдік дене шынықтырулар күнделікті қажеттілік. Алайда шағын қалада осы қажеттілікті өтейтін арнайы орын да, маман да жоқ. Сол себепті ол алдымен емдік шаралардың қыр-сырын оқып үйренді. Сонан соң, мемлекеттік бағдарламамен 1,5 млн теңге грант ұтып алып, массаж, қимыл-қозғалысты жетілдіру кабинетін ашты.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу