Алматыда 700 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 700 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

12.02.2024

Алматыда 700 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды. Медеу ауданының прокуратурасы қала орталығында жеке тұлғаларға заңсыз берілген жер учаскелерін анықтады.

2009 жылы мемлекет мұқтажы үшін шығыс айналма автожолының құрылысына байланысты 1,2 млрд теңгеге Радлов көшесі бойынша 13 жер учаскесі сатып алынған. Айналмай жолдың маңындағы артылған жер телімдерін әкімдік Алматы әлеумметтік корпорациясы арқылы жеке меншік компанияға 2021 жылы игеруге келісім берген. Басты талап - бұл 35 сотық учаскеге қоғамдық іс-шаралар кешенін салу қажет болған. Алайда заңды тұлға 3 мың 500 шаршы метр ғимараттың орнына, небәрі 22 шаршы метр нысан тұрғызған. Осылайша, 32 млн теңгеге жерді жеке меншікке заңсыз сатып алған. Бұдан бөлек, дәл осы ауданда 2020 жылы аукцион өткізілмей, жергілікті атқарушы орган коммерциялық мақсаттар үшін тағы бір серікестікке учаске берген. 37 соттық жер осы уақытқа дейін игерілмеген. Жылжымайтын мүлік мемлекетке қайтарылды.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу