Алматыда өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі ерекше тәсілмен үйретіле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі ерекше тәсілмен үйретіле бастады

10.02.2024

Алматыда өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі ерекше тәсілмен үйретіле бастады. Қалалық № 171 орта мектептің ұстаздары оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын оятып, 70%-ға дейін қазақ тілінде коммуникациялық орта құру басты мақсатымыз дейді. Қазір білім ордасында 17 ұлттың өкілі оқиды. Оларға мемлекеттік тілді үйрету бағытында түрлі тренингтер, лекциялар тұрақты ұйымдастырылып келеді. Қазақ авторларының шығармалары оқытылып, оларды тереңірек зерттеу де қолға алынған.

Венера Маджара, қалалық №171 орта мектеп директоры:

Менің ойымша, бәріміз мемлекеттік тілді білуіміз керек. Барлық оқушылар өзінің болашағын Қазақстанмен байланыстырады. Сондықтан қазақ тілін білу - заман талабы. Сонымен қатар, балалар үш тілді бірдей меңгерсе, бұл білім саласына үлкен өзгерістер алып келетініне сенімдімін.



Хабарламаларға жазылу