Астанада ұршық иіруден шеберлік сағаты өткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ұршық иіруден шеберлік сағаты өткізіледі

10.02.2024

Ұмытпайық, ұлықтайық ұршықты! Ата дәстүр ұршық иіруді насихаттап жүрген ақ жаулықты әжелер алғаш рет бас қалада бас қосты. Белсенді өмір салтын ұстанатын аналарымыздың мақсаты – ежелден келе жатқан ұлттық өнерді жаңғырту.

Ұршықты шырқ иірген әжелер мен қыз-келіншектердің өнерін Президенттік орталықтағы қолөнер көрмесінен тамашалауға болады. Олар мұнда 11 ақпанға дейін шеберлік сағатын өткізеді. Ұлттық құндылықтың ұмыт қалмауына үлес қосып жүрген жандар еліміздің 12 облысынан келіп отыр. Бір кездері аналарымыздың қолынан түспеген ұршық бүгінде жәдігерге айналып барады. Сондықтан ұршықты ұлықтау арқылы ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру маңызды, - дейді іс-шараны ұйымдастырушы Бибігүл Кәрденова.

Бибігүл Кәрденова, «Urshyq» республикалық қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы:

Өзім кішкентай күнімде ұршық көрген жоқпын. Жетім өскендіктен шығар. Орыстар мен немістердің арасында өскендікі шығар. Тұрмысқа шыққаннан кейін енемнің ұршығын алып, сондай бір кеудеме бір жылулық ұялаған сияқты болып, қазіргі тілмен айтқанда сондай бір керемет энергетика алдым.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу