Таразда экс-шенеунік жол жөндеу жұмысына бөлінген 34 млн теңгені жымқырғаны үшін сотталды
Тараз қаласы әкімдігінің бұрынғы бөлім басшысы жол жөндеу жұмысына бөлінген 34 млн теңгені жымқырғаны үшін сотталды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімін басқарған ол бұл қаржылық қылмысын осыдан 2 жыл бұрын жасаған. Оған шаһардағы үш көшені орташа жөндеу тапсырылған. Алайда ол жалған құжат жасап, қағаз жүзінде құрылыс жүрді деп көрсеткен. Ал миллондарды мердігер мекеменің басшысымен бөліскен. Ол бұған дейін де жарық жүргізу мен бағдаршам орнатуға бөлінген 116 млн теңгені қалтасына басқаны үшін қамалған болатын. Екі қылмысты да бір мердігермен сыбайласып жүзеге асырған.
Ақберген Мүлкіманов, облыс прокуратурасының басқарма бастығы:
ҚК 189 бабы 4 бөлігінің 2-ші тармағымен кінәлі деп танылып, осы уақыт бойынша оларға 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӘлемдік теннис қауымдастығының бас ассамблеясы
14.10.2026, 10:54
Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегі үздік бес елдің қатарына енді
14.10.2026, 10:53
Робот-иттер қоғамдық тәртіпті бақылайды
14.10.2026, 10:51
Qazaqstan Internet Governance Forum: Цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқылануда
14.10.2026, 10:47
3 мыңға жуық жалған сайт бұғатталды
14.10.2026, 10:44
Қазақстан экономикасы 5 пайыздан жоғары өседі деген болжам бар
14.10.2026, 10:41