Өрттен зардап шеккендерге тұрғындар көмек көрсетіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өрттен зардап шеккендерге тұрғындар көмек көрсетіп жатыр

10.06.2023

Семей, Курчатов және облыстың 8 ауданының тұрғындары өрттен зардап шеккендерге киім-кешек пен азық-түлік жеткізіп жатыр. Қазір осы өңірдегі тілшіміз Талшын Шәкіртхан телефон арқылы байланысқа шықты.

Талшын Шәкіртхан, тілші:

Өрттен зардап шеккен тұрғындарға халық қолұшын созып жатыр. Мәселен, Бесқарағай ауданындағы 20-дан астам ауыл, оның ішінде жеке адамдар мен кәсіпкерлер бар 10 тонна жүк тиелген көлікті аттандырды. Ал Семейде бірнеше көмек көрсету орындары ашылды. «Ассамблея Жастары» өңірлік қоғамдық ұйым өкілдері мен еркітілер бірлесіп өрт сөндіріп жатқан қызметкерлерге ең қажет деген затттарды жинауда. Адамдар азық-түлік киім кешек, макарон өнімдері, ұн май сондай-ақ гигиеналық заттар - сабын майлықтарға дейін әкеп тапсырып жатыр. Ал өңірдің белсенді жастарынан құралған еріктілер тобы гумманитарлық көмек көрсету үшін арнайы шот ашып қаражат жинауда. Қаржы баспанасыз қалғандар мен өрт ошағында жұмыс істеп жатқан қызмкеткерлердің қажетіне жұмсалады.

Талшын Шәкіртхан


Хабарламаларға жазылу