Семейде сауда орталығындағы өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды
Семейдегі «Ақшың» сауда орталығында болған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бүгін облыс әкімі мен сауда үйінің иесі зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті. Қазіргі уақытта шығынға батқандарға мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары қарастырылып жатыр. Арнайы қор да құрылуы мүмкін. Оған қоса өңір басшылығы бизнес өкілдеріне өз жұмыстарын жалғастыру үшін қаладан 13 сауда орнын ұсынып отыр. Өртке қатысты жағдай Үкіметтің тікелей бақылауында. Ал жалынның шығу себептері мен шығын мөлшері әлі белгісіз. Оқиға орнында сарапшылар жұмыс істеп жатыр.
Марат Құрманбай, «Ақшың» сауда үйінің басшысы:
Біздің ғимаратты жылына екі рет өртке қарсы қызмет мамандары тексеріп отырды. Иесі ретінде мен әрқашанда бірінші кезекте қауіпсіздікті ойлап келдім. Бізде барлығы заңға сәйкес болды. Мен сауда орталығын құру үшін 10 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсағанмын. Қазір банктің өзіне 500 миллион теңге қарызбын. Оған қоса ғимарат сақтандырылмаған. Несие берген банкте бұл ғимарат кепілде тұр. Мен жылдар бойы құрған бизнесімнен бір күнде айрылдым.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07