Елімізде салықтан жалтаратындар азайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде салықтан жалтаратындар азайып келеді

08.02.2024

Елімізде жаңа салық кодексі биыл енгізілмейді. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті әдіснама департаментінің директоры Әлия Жетібаева хабарлады. Жаңа кодекс әзірленіп жатыр. Дегенмен оны қолданысқа енгізгенге дейін қыруар уақыт қажет. Мемлекеттік органдармен, кәсіпкерлермен, халықпен бірнеше талқылау жұмысы жүргізіледі. Құжаттың тиімді әрі қазіргі нарық талабына сай екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана құжат қабылданады деді ол. Дегенмен, қазірдің өзінде қолданыстағы кодекске өзгерістер енгізу арқылы салық саясаты қыруар өзгеріске ұшырап жатыр. Ол жерде әсіресе жеке табыс салығын, кәсіпкерлер мен инвесторлардың міндеттерін әкімшілендіру көзделген. Нәтижесінде салықтан жалтаратындар азайып келеді дейді мамандар.

Қадыр Ысмағұлов, ҚР қаржы министрлігі МКК аудит департаментінің директоры:

2023 жылы 16 мыңға жуық салықтық тексеру аяқталды. Өткен жылға қарағанда 3 мың тексеруге аз болып келеді. Бұл пайыздық арақатынаста барлық тіркелген бизнес субектілерінің пайызынан аз. Яғни, 2022 жылы 0,9 пайыз болса, 2023 жылы 0,7 пайызға жеттік. Жалпы, біздің ойымызша бұл көрсеткіш кәсіпкерлердің басым бөлігі салықты адал төлейтіндігін көрсетеді деп санаймыз.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу