«Қазақстанға тропикалық дауыл жақындап қалды»: Қазгидромет мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанға тропикалық дауыл жақындап қалды»: Қазгидромет мәлімдеме жасады

07.02.2024

Қазақстанға «тропикалық дауыл» жақындап қалды. Желдің жылдамдығы сағатына 100 шақырымға дейін күшейеді. Әлеуметтік желіде қауіпті циклон туралы айтылған бейнежазба тарады. «Қазгидромет» мамандары ақпаратты жоққа шығарды. Болжам бойынша, республика аумағында Скандинавия циклоны жүріп жатыр. Бүгіннен бастап Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облысында дауылды ескерту жарияланды. Желдің жылдамдығы секундына 30 метрден асады. Синоптиктер, Төтенше жағдайлар департаментінің 112 кезекшілік-диспетчерлік қызметінің ақпаратына назар аударуға, DARMEN мобильді қосымшасында дауылды ескертулерді бақылауға шақырады.

Сондай-ақ, «ҚазАвтоЖол» ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 66 учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлады.

Афродита Пірімжар, «Қазгидромет» РМК 1-санатты инженері:

Дауылды ескертуге сәйкес, 7 ақпан күндіз және 8-9 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да қатты жел болады деген болжам бар. Содан кейін циклон Қазақстаннан тыс жерге ауысады.


Хабарламаларға жазылу