Парижге қазақы тазының екі күшігі жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижге қазақы тазының екі күшігі жеткізілді

07.02.2024

Парижге қазақы тазының екі күшігі жеткізілді. 5 айлық күшіктерді француз ветеринарлары тексеріп, уақытша карантинге жіберді. Франция президенті Эмманюэль Макрон оларға Жюль және Жанна деген ерекше есім берді. Тіпті, тазылар Макрон отбасының Немо есімді қара лабродорымен достасып үлгерген.

Еске салайық, былтыр қараша айында Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға іс-сапармен келген Франция Президенті «Этноауыл» көрмесін аралап, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысқан еді. Көрме орталығын тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген-тін. Міне, арада көп уақыт өтпей мемлекет басшысы берген уәдісінен орындап отыр.

Хабарламаларға жазылу