Қарағанды облысында қаңғыбас иттерден қауіп азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында қаңғыбас иттерден қауіп азаймай тұр

07.02.2024

Өткен жылы елімізде 80 адам қаңғыбас иттен зардап шексе, 3 бала таланып қайтыс болған. Бұралқы иттердің саны Қарағандыда да күн санап көбейіп келеді. Мұны тек қарапайым тұрғындар емес сала мамандары да мойындап отыр. Қала басындағы ветеринарлық станциясына күн сайын қараусыз иттен жапа шеккен 5-6 адам хабарласады. Қаңғыбас иттің нақты санын ешкім білмейді. Оларды ұстау жұмыстарын ветеринарлық станция мамандары жүргізеді. Бұл жұмыстар жеке клиникаларды өткізілген. Нәтижесінде 2 мыңға жуық ит ресми таңбаланып, тіркеуге алынған. Алайда бұл теңізге тамған тамшыдай ғана. Заң аясында конкурс өткізіліп, бұл жұмысты ауқымды іске асыратын тұлғалар анықталуы тиіс. «Бірақ,әлеуетті өтінім берушіні табу қиынға соғып отыр»,-дейді мамандар.

Қайырбек Тұрсынбеков, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

Конкурсты біз 3 рет өткіздік, әсіресе, уақытша ұстау бағытында. Үш рет жарияланғанымен әлеуетті өтінім берушілер анықталмады. Бірақ осы бағдарлама жүзеге аспады. 78 млн қаралған болатын облыс көлемінде. Сол себепті біз жалпы қараша айының сессиясындағы бюджет қарауында 146 млн-нан 108 млн-ды қайтарып беріп, жыл қортындысымен 38 млнға жоспарға жеткіздік.

Облыс орталығы Қарағандыда иттерді уақытша ұстау орны бар. Жағдайы өте мүшкіл. Мұнда 24 орын ғана. Бұралқылар осында зарарсыздандырылады, вакцина егіледі және таңбаланады. Конкурстық шаралар өтпегендіктен қазір бос тұр. Орталықтағы ветеринарлық станция мамандары заманауи нысанды жылдар бойы армандап келеді. Ал аудан мен ауылдық жерлер тіпті осындай орынға да зар. Уақытша ұстау орындары әзірге тек Қарағанды қаласына қарасты 4 аудан мен Қарқаралыда ғана бар.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу